Жаңа жыл қарсаңында осы ауылдардың тұрғындарын табиғи газ желісіне қосу салтанаты өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақбаев ауыл тұрғындарын осы оқиғамен құттықтап, бүгінде аймақтың 95,5 пайызы газдандырылғанын атап өтті.
13:07, 02 Қаңтар 2010
Атырау облысында тағы екі ауылға табиғи газ келді
АТЫРАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының Кудряшов және Бәйде ауылдарына табиғи газ келді.