Аймақтағы Мақат ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазан күні кешкісін Мақат вокзалында төрт жүк вагоны теміржолдан шығып кеткен.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Рельстен шығу бөлек желіде болған, сондықтан ол басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Бұл дерек бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдар дер кезінде хабардар етілді. Қазір оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды.