«Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын», - делінген Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ирбатырованың бүгінгі қаулысында.
Сондай-ақ, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), көрмелердің, цирктердің, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, лоторея клубтарының, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, банкет залдарының (ас берулерді өткізу үшін және дәмхана, мейрамхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметіне осындай талап қойылып отыр.
Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырау облысында карантин қашан жеңілдейтінін хабарлаған едік.