Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 55 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді.
«Тұмау инфекциясы дамуының бірқатар ерекшеліктері бар. 3-5 күннен астам уақыт дене қызуы 38-40 С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы, аяқ-қолдың тартылуы секілді белгілері бар. Тұмаудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация», - дейді Амантай Жұмағалиев.
21:32, 12 Қыркүйек 2019
Атырау облысында тұмауға қарсы 30 мың вакцина сатып алынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- 2019 жылы Атырау облысында тұмауға қарсы 61 мың дозадан астам вакцинаға тапсырыс беріліп, соның 30 мыңы сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.