Атырау облысында жаңа турбокомпрессорлық цех салынды

Фото: None
АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат - «Орталық Азия Интергаз» АҚ Атырау облысындағы «Мақат» компрессорлық стансысында жаңа №4 турбокомпрессорлық цех салды.

Бұл стансы Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінде «Орталық Азия мен Орталық» және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистарльді газ құбырларының арасындағы газ ағынын қайта бөлуді жүзеге асыратын торап болып табылады.

Жаңа цех тасымалдау көлемін ұлғайтып, магистральді құбырлар арқылы тұрақты газ тасымалын қамтамасыз етуі тиіс.