Атырау облыстық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2020 жылдың басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің өзгеріс енгізілген 608-бабы бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген жеті жүргізушінің ісі қаралды. Сот заңнаманың жаңа талабына сәйкес, заң бұзғандардың барлығын 15 тәулікке жазасын өтеуге жіберді. Сондай-ақ, олар жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Бұдан бұрын алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізген немесе жол-көлік апатына себепкер болған жүргізушілер тек 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылатын еді.
А.Соколов