Атырау облысында жекеменшік үйдің ауласында бекіре балықтың жон еті анықталды

АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында ІІД су полициясы қызметкерлері жекеменшік үйдің ауласынан бекіре тұқымдас 36,5 келі қақталған балық пен 310 келі сазан балығын анықтады.

«Аулауға мораторий салынған балықтың жон еті, сондай-ақ Дамба кентінде заңсыз ауланған сазандар анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.