Шараны Атырау облысы Жылыой ауданы әкімі аппараты жəне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп орталық алаңда ұйымдастырды.
Шараға «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлан Баймұрзаев, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева, Республикаға танымал дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзада, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Равиль Тюлебаев, Арман Бердалин, Айбол Қозбағаров жəне Атырау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар мониторингтік топ мүшелері «Аудандық жұмыспен қамту орталығының» жұмыс барысымен танысты. Жұмыспен қамту орталығы директоры Қ. Омаровтың мəліметінше, жаңа ғимаратқа замануи терминал қойылып жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетілуде. Жыл басынан бері орталықта тіркеудегі 607 тұрғын жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ еңбекпен қамту шаралары, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жастар тəжірибесіне жолдау, кəсіптік оқыту бағдарламаларын ұсынатынын айтты.