Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 19 желтоқсанда «Индер-Атырау» трассасында болған.

Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын 32 жастағы жүргізуші «Приора» маркалы көлігімен Ақтау қаласынан әпкесін 4 баласымен бірге Атырауға жеткізу үшін жолға шыққан. Алайда, жолда көлік аударылған. Жол-көлік апатынан оқиға орнында ағайынды 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әйел мерт болған.

Аударылған көліктегі төрт бала аман қалған. Қазір жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.