Атырау облысында жоғалған қызды іздеу жалғасуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Бисекті ауылы маңынан сәрсенбі күні жоғалған 8 жастағы қызды іздеу жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сәрсенбі басталған іздеуге кеше Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қосылды. Екінші күні олар Орал өзенін сүзіп шығып, іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Әлеуметтік желілерде жоғалған қызды зорлап, сосын Орал теңізіне батырып жіберді деген күдікпен ауыл тұрғыны ұсталды деген ақпарат таралуда. Алайда облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ. «Нақты мәлімет болғанға дейін қандай да бір пікір айту ақылға сыйымсыз», - деді баспасөз қызметі.

Еске салсақ, таңертең қыз үйінен «Айгөлек» мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткен. 17.15-те қыз лагерден шыққан, алайда үйіне оралмаған. Бұл туралы полицейлерге кеше сағат кешкі 22.20-да хабарлады. Олар бірден баланы іздеуге кіріскен. Полицейлер қандай да бір ақпарат білетіндер болса, бірден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.