Бұдан үш күн бұрын Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұратын 65 жастағы зейнеткер іздестіру шаралары басталған еді. Кеше оны сүңгуірлер Жайық өзенінен, ал б үгін Бейбарыс және Сарайшық ауылдарына жақын маңнан іздеді. Сондай-ақ сүңгуірлер Жайық өзенінің түбіне барлау жүргізді. Бірақ, із-түзсіз жоғалған зейнеткер әлі табылған жоқ.
«Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері жұмылды. Оның ішінде 20 ерікті бар. Сондай-ақ, 1 кинологиялық есеп құрамы мен 12 техника тартылды»,- деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.