Атырау облысында жоғалған жігіттің аты өзеннен өлі табылды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында іздестіріліп жатқан 21 жастағы жігіттің аты Ойыл өзенінен өлі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«23 сәуірде далалық жазықтан іздеуге департаменттің 2 қызметкері «Трэкол» көлігімен шықты. Кейін 2 қызметкер жүзу құралымен Ойыл өзенінен іздеді. Кеше сағат 19:00-де өзеннен жоғалған жігіт мініп кеткен аттың өлексесі табылды»

, - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Атырау облысында 21 жастағы жігіттің із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік. Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылында тұратын жігіт 21 сәуірде салт атпен мал іздеуге шыққан. Оның қай бағытқа кеткені туралы дерек жоқ.

Оны іздестіру бүгін қайта жалғасты.