Еске салайық, қыз бала 2018 жылдың 5 мамырында үйінен шығып кеткен. Осыдан кейін із-түзсіз жоғалған қыздың ата-анасы Құрманғазы ауданының ІІБ-не арыз жазып, әлеуметтік желілерде суреттерін таратқан.
«Сіңілім Алина жоғалған кезде бізбен бірге алаңдаушылық білдіргендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Жақсы жаңалығым бар - сіңілімді Құрманғазы ауданының полицейлері аман-есен тапты. Осындай жақсы жаңалық, қолдау білдіргендер мен жылы сөз айтқандардың барлығына рахмет», - деп жазды әлеуметтік желіде Алинаның әпкесі Мира Құрманалиева.
Анықталғандай, ол жігітімен Қызылорда қаласына кетіп қалған, ал ата-анасы іздеу салғаннан кейін оларға хабарласып, амандығын айтқан.