Атырау облысында жол апатынан екі адам ажал құшты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық ішкі істер департаменті 28 мамыр күні «Құлсары - Доссор» күре жолында болған жол апаты туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы 28 мамыр күні 10:00-де Мақат ауданының Доссор кентінен 5 шақырым жерде болған. Geely Emgrand X7 және «ГАЗ-891020» автомашиналары соқтығысып қалған. Geely Emgrand X7 автомобилінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында мерт болған, тағы екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілген. Осы факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 28 мамыр күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен екі адам туралы хабарлаған болатын.