АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен кішкентай бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 23 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Атырау-Индер» жолында «Granta» мен «KIA RIO» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан көлік жүргізушісінің бірі мен кішкентай бала көз жұмған.
Көліктегі жолаушының бірі 18 жастағы бозбала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болған еді.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.