Оқиға орнында Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Барлығы Маңғыстау облысының тұрғындары. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
19:26, 15 Қыркүйек 2019
Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін таңда Құлсары-Атырау жолының 40-шақырымында Toyota көлігі мен жүк көлігі соқтығысып, оқиға орнында үш адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.