АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында болған ірі жол апатынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Индер ауданының Индербор ауылында орын алған. «Тойота» және «Лексус» автокөліктері соқтығысты. Үш адам оқиға орнында мерт болды, ал төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аймақтық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы негізінде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.