деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметіне сәйкес, Исатай ауданындағы елді мекендерге газ жеткізу бойынша жұмыстарды толық көлемде орындамай, атқарылған жұмыстар мен олардың құны туралы жалған актілер жасау арқылы 162 млн.теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаған «НарынЭнергоГаз» ЖШС директорының ісі сотқа тапсырылды. Сондай-ақ Атырау қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 20,5 млн.теңгені жымқырған «Барракуда» ЖШС директоры Г. Хайруллин сотталып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.