Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданында болған. «Ақтөбе - Атырау - Астрахан» автожолының бір учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.
Бір кезде жол тегістеуші көліктің жүргізушісі абайсызда учаске бастығының аяғын басып кеткен.
Зардап шеккен адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Облыстық полиция департаменті адам өлімі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.