Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Жылыой ауданында адам өліміне соқтырған еңбек қағидаларын бұзу дерегі тіркелген.
Оқыс оқиға 12 маусымда сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында болған.
«Үйілген топырақтың жанында 1987 жылы туған жүргізуші «Шахман» маркалы ауыр жүк тасымалдау автокөлігімен 29 жастағы қызметкерді басып кеткен. Қызметкер оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысқанын хабарлаған едік.