Бұл туралы бүгін облыс әкімінің жанындағы қоғамдық кеңес отырысында қала әкімі Серік Шапкенов айтып берді.
«Соңғы екі жыл ішінде 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың арасында жүкті болып қалған оқушы қыздар саны азайғаны байқалады. Егер 2016 жылы қалада кәмелетке толмаған 23 жүкті оқушы қыздар тіркелсе, өткен жылы дәл осындай 8 факті болған. Биыл қалалық білім беру бөлімінің мамандары 4 ерте жүктілік оқиғасын есепке алды», - деді С.Шапкенов.