Бұл туралы аймақ әкімі Мамахмбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Облыста балық аулаумен және өңдеумен 16 кәсіпорын айналысады. Шабақ пен бекіре өсіретін 2 зауыт жұмыс істейді. Жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. 9 мың тонна қайта өңделді. Оның 88%-ы экспортқа жіберілді», - деген аймақ басшысы өңірде медициналық кадр тапшылығы қалай реттеліп жатқанын баяндады.
«Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту аясында 2021 жылы 4 нысан салынды. 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Медициналық жабдықтарды жаңартуға 2 млрд теңге бағытталды. Соның арқасныда медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 78%-тен 91%-ке артты. Биыл медицина саласы мамандарының тапшылығын төмендету үшін өңірге 71 жас маман тартылды, Оның 21-і ауылдарға жіберілді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда медициналық мамандықтар бойынша оқу гранттарының саны 54-тен 71-ге дейін ұлғайттық», - деді Махамбет Досмұхамбетов.