Атырау облысында жылқылардың жаппай қырылу дерегі тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жылқылардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Облыстың Исатай ауданы Тұщыкөл ауылдық округінде жылқы эпидемиясы тіркелді. Соңғы деректерге сәйкес, 230-дан астам мал ауырса, оның 100-ге жуығы қырылған. Облыстық ветеринарлық сараптама актісінің негізінде сақау диагнозы қойылды», - деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметі.

Ветеринарлық қызмет ауру малдарды оқшаулау, оларды емдеу жұмыстарын жүргізуде. «Тұщықұдық ауылдық округінде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде. Оның міндетіне аурудың көрші ауылдарға тарамауын бақылау да кіреді», - делінген хабарламада.