Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15
мамырда Мақат кентінде болған. Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтаған.
Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (Адам
өлтіру) жүргізіліп жатыр.
«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға
жатпайды», -деп хабарлады баспасөз қызметі.