Атырау облысындағы «Болат жол» ЖШС-ның асханасында уланған жұмыскерлер ауруханадан шығарылды

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Болат жол» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінде уланған жұмыскерлер ауруханадан шықты,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Теңіз» вахталық кентінде наурыздың 8-і мен 9-ы аралығында 34 жұмысшы денсаулық жағдайларының нашарлауына байланысты медицина маманына шағымданғанын хабарлаған болатын. Олардың 4-уі дереу ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың науқастануы кәсіпорын асханасының тағамынан болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансысының Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде.