Атырау облысындағы газхимия кешенінің 1-фазасының құрылысы 2,002 млрд. долларды құрайды
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен жиында «Химиялық бірлескен компания» ЖШС-ның директоры Дәурен Ердебай мәлім етті.
Д. Ердебайдың айтуынша, аталған жобаға салынатын қаражаттың негізгі бөлігі - бұл Қытайдың Экспорт-импорттық банкінің 1 миллиард 380,4 миллион долларды құрайтын несиесі болып табылады. «Жобадағы бюджеттік қаражат - 93, 2 миллион доллар болса, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның кредиттік қаражаты - 50 миллион доллар, қатысушылар қаражаты - 479 миллион долларды құрайды», - дейді Д. Ердебай.
Естеріңізге сала кетейік, мұнай және газ кешендері Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламанының маңызды бөлігі болып табылады. Жобаның институттық құрамдағы дамуы үшін қажетті заңнамалық негізбен қамтамасыз етіліп, салалық бағдарлама қабылданды.