Агенттіктің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады.
«Облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықты тексеру материалдарымен расталған. Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді», делінген хабарламада.
Ведомство салық төлеуден жалтару фактілері мәлім болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне: 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне: 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.