Атырау облысындағы «Огайское» кен орнында өрт болды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Огайское» кен орнында («Қожан» ЖШС) 11 қаңтар күні сағат 16:28-де мұнай өнімдерінің қалдықтары бар 50 текше метрлік сұйыққоймасында өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 18:04-те өрт сөндіру бөлімшелерінің келуіне дейін «Қожан» ЖШС-нің күшімен жойылды.