«Құрылыс үш жылға созылып, 35 млрд теңге жұмсалды. Қондырғы қуаты - жылына 150 млн текше метр. Тауарлы газды газ құбыры бойынша тасымалдау, ал түйіршектелген күкіртті ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу жоспарлануда. Қондырғыны іске қосқан сәттен бастап біз кен орнында ілеспе газды алауда жағуды толықтай тоқтатамыз», - деп хабарлады компания басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
Компанияда түсіндіргендей, қондырғы жобасы бірегей. Оны монтаждау кезінде уытты химикаттар мен шығарындылар қолданылмай, ілеспе газды қайта өңдеуде соңғы инновация пайдаланылды.