«Теңізшевройл» ЖШС мердігер компанияларының бірінің қызметкерлері Теңіз вахталық кентінде уланды. Кешкі астан кейін 25 адам өздерін жайсыз сезіне бастаған. Барлық белгілер бойынша олардың уланғаны анықталды. Олардың барлығы Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 21 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Төрт адам ауруханада жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
07:46, 12 Ақпан 2019
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 25 адам уланды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Теңіз кен орнында 25 адам тамақтан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.