Атырау облысындағы түйе өлімі тоқтады

Фото: None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атыраудағы Жылыой ауданында барлық түйелерге паразитке қарсы дәрі-дәрмектер беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының Өңірлік коммуникацияларқызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыойауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасынықшамауданында 11 бас түйе шығын болған. Шұғыл сараптама жасалды. Оны нәтижелеріоблыстық ветеринариябасқармасына тапсырылып, қорытындысы шықты. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандайбелгілері жоқ.
«Түйелер жайылатын жайылымдардағы жем-шөптерден және Жем өзеніненсараптама алынды. Қорытындысы бойынша нормадан ешқандай ауытқушылықжоқ. Ал, түйе өлексесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесіндекөмекей қуысында көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды.Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді», - дейдіАтырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.
​Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда 9720 түйе бар. Барлықтүйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстарыжүргізіліпжатыр.

Соңғы жаңалықтар