«Облыста 9 ауруханада, 1 әскери бөлім мен уақытша қамау орнында жабық учаске құрылды. Әскери бөлімде сайлаушылар таңғы сағат 6:00-ден бастап өз таңдауларын жасаса, қалған жабық учаскелер 7:00-де бастады. Ал қазір ол учаскелерде дауыс беру аяқталып, санау жүріп жатыр», - деді А.Айманакумов.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі саяси науқанның ашық өтуі үшін жергілікті және халықаралық байқаушылар жұмыс жасап жатыр. Халықаралық байқаушы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымнан 14 өкіл келіп, өз жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ 1500-ге жуық ұлттық байқаушы сайлау процессіне қатысып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, әзірге облыс бойынша аталған сайлауда ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.