Атырау облысының тарапынан келісімге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және Қалмақ Республикасы Үкіметінің тарапынан Республика басшысы Алексей Орлов қол қойды. Бұл келісім екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды орнату үшін жағдай жасауға бағытталған.
«Туризм саласындағы серіктестік туристік ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бастамаларды белсенді түрде қолдауға, сондай-ақ өңірлердің табиғи және мәдени мұраларын белсенді түрде алға жылжытуға бағытталған», - деді Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық ынтымақтастығы басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.
Айта кетейік, Атырау облысының делегациясы Петропавлда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты.