АСТАНА. ҚазАқпарат - Telegram қосымшасында «Атырау облысы әкімдігі» чат-арнасы ашылды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, чат-арна биылғы 7 қыркүйекте ашылды. Осы арқылы тұрғындардың мемлекеттік органдарға жолдаған ұсыныстары мен көтерген мәселелеріне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік берілді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, чат-арна жұмысын бастағалы 1 000-ға жуық сауал келіп түсті. Қазір топта 900 адам бар. Бір сауалды өңдеу мен тиісті шешім жасауға 1-2 жұмыс күні кетеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.