«Сіздерді мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 22 жыл бұрын біздің еліміз тәуелсіздігін жариялады. Тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде Қазақстан көптеген ауыр сынақтарды бастан өткеріп, қажетті реформаларды жүргізіп, өз мемлекеттілігін қалыптастыра алды. Және бүгінгі күні Қазақстан ірі халықаралық форумдар өткізілетін және жаһандық мәселелер талқыланатын орталыққа айналды. Қазақстанның даму жолын дүниежүзілік қоғамдастық мойындады. Бұл жолды қолға алған - дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Президенті, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», - деп айтылған облыстық газеттерде жарияланған құттықтауда.
Атыраулықтар алдында сөз сөйлей келе, өңір басшысы біздің еліміздің, атап айтқанда, облысымыздың қол жеткізген жетістіктері мемлекеттілікті нығайту және қоғамдық келісімді сақтау үшін жұмыс істеп жүрген атыраулықтар мен бүкіл қазақстандықтардың күш сала еңбектенуінің арқасында жүзеге асырылғанын атап айтты.
«Кез келген халық үшін тәуелсіздіктен қасиетті және қымбат ештеңе жоқ. Ата-бабаларымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы біздің қасиетті борышымыз ортақ еңбектің арқасында қол жеткізілген тәуелсіздіктің жемісін сақтау және көбейту екенін ұмытпайық. Ұлт көсемі айтқандай, біздің ортақ міндетіміз - тәуелсіздікті және мемлекетті нығайту. Тәуелсіздігіміз, еліміздің бірлігі мен достығы нығая берсін, көгілдір туымыз мәңгі желбіресін! Отбасыларыңызға амандық, жетістік және әрбір шаңыраққа қуаныш тілеймін!» - деді Б. Ізмұхамбетов жерлестеріне.