Облыс әкімінің есебіне келген мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің проблемаларын көбірек ортаға салды. Солардың бірі облыс әкіміне мүгедектер өкілін кеңесші етіп алуды ұсынды.
«Ұсыныс өте орынды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасау, қолайлы орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты ұстанымымыз. Осы мәселемен айналысып жүрген Гүлбаршын Нұржігітованы білетін боларсыздар. Ол маған кеңесші болуға келісімін берді» -деді тұрғынның сауалына орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Жолдасбек Көшербайұлы