Әкім төтенше жағдай кезіндегі шаралар мен шектеулердің Атырау облысы аумағында тиісті талаптарға сай жүзеге асырылуын мұқият қадағалауды тапсырды. Полиция департаменті мен барлық басқарма басшыларына, сондай-ақ, өзге де құзіретті органдарға нақты тапсырмалар берді.
«Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. Сондықтан, жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауды талап етемін. Тапсырмалар мүлтіксіз орындалсын» - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.