Атыраудың бір топ тұрғыны 4 қаңтарда облыс орталығындағы «Исатай-Махамбет» орталық алаңына жиналды.
Тұрғындар жергілікті атқарушы билік өкілдеріне бірнеше сауал қойды.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңаөзендегі экономикалық жағдайды қарау жөніндегі Үкімет комиссиясының отырысы өткенін мәлім етті.
Үкімет комиссиясы Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен құрылған.
Сондай-ақ, Үкіметтің сұйытылған газ бағасын реттеу мақсатында қабылдаған шараларын түсіндірді.
Өңір басшысы облыс тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.