Ислам есімді 10 жастағы сырқат бала облыс әкімінің есебіне анасымен бірге келді. Алдымен, Ислам өзінің дерті туралы айта бастап, бірақ, ойын толық жеткізе алмады. Оның анасы Айнұр Ғабдуллинаның айтуынша, баласына перзентханадан арнайы диагноз қойылған. Алайда, он жылдан бері Алматыдағы медициналық орталықтарда емделгенімен, шипасы табылар емес. Сол себептен, анасы енді баласын шетелде емдетуге көмек сұрады.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов көпшіліктің алдында Исламның емделуіне көмектесуге уәде берді. Әкім Исламға көмек берудің тетігін пысықтау үшін оның анасын бүгін түс қайта өтетін жеке қабылдауына шақырды.
Жолдасбек Көшербайұлы