«Соңғы мәліметтер бойынша Атырау облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен 62 адам жүгінген. Олардың ішінде 7-еуі стационарға жатқызылды. Жалпы зардап шеккендердің 42-сі – әскери қызметшілер. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 5 науқастың жағдайы тұрақты, құқық қорғау органының 2 қызметкерінің халі – орташа ауыр», - деп мәлім етті Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.
Еске салайық, Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Коменданттық сағат тәртібінің орындалуын полиция, сондай-ақ арнайы мобильді топтар қадағалауда. Өңірде ахуал тұрақты, жағдай құзырлы органдардың бақылауына алынған. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар, азық-түлік сататын нүктелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.