Атырау облысының әкімі жас шахматшыларды қолдауға шақырды

АСТАНА-АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Динара Сәдуақасованың шахмат академиясын ашу туралы жобасына қолдау білдіретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жуықта Динара Атырауда және аудандарда бір мезгілде шахмат матчтарын өткізді. Біз өз тарапымыздан оған жан-жақты демеу беріп, қажетті ғимарат ұсына отырып өңірдегі шахматтың дамуына қолдау білдіреміз. Мен ол қыздың анасымен кездестім. Динараның айтуынша, өңірдегі талантты жас шахматшылар бар. Ең бастысы, ниет пен жігер болса болды»,-деді әкім.

Нұрлан Ноғаевтың пікірінше, келешекте мықты шахматшылар шығару үшін спорттың бұл түріне қолдау көрсету керек.