Атырау облысының елді мекендерінде қар суын сору жалғасып жатыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Миялы ауылында қар суын сору жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Миялы – Қызылқоға ауданының орталығы. Бұл ауылда қыста жауған қар еріп, көшелерді су басу қаупі туындаған.

«Қазір ауа-райының жылынуына байланысты қар еріп жатыр. Осыған байланысты елді мекендерде соңғы бір аптадан бері еріген қар суын сору басталды. Бұл жұмыс 1 наурызда аудан орталығы – Миялы ауылында қайта жалғасты. Өйткені, ауылдағы А.Сәлімгереев, М.Әуезов көшелерінің бойында жиналған еріген қар суы 25-30 см-ге көтерілген. Сол күні күндізгі сағат 16:35-тен кешкі сағат 20:45-ке дейін қар суын арнайы техникамен сору жұмысы жүргізілді. Бір күнде 180 текше метр, өткен аптадан бері 1 210 текше метр су сорылды», -деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз

қызметі.

Бұл жұмысқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері тартылып, 3 мотопомпа қолданылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы елді мекендерді су басу қаупі жоғын

хабарлаған болатынбыз.