Атырау облысының індеттен қырылған малдың өтеміне бөлінген қаржы жеткіліксіз

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сейсенбіде аудан әкімдері және басқарма басшыларымен селекторлық кеңес өткізу барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев малы қырылған тұрғындарға өтемақыны дұрыс бөлудің қажеттілігін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте 750 ірі қараға есептелген 120 млн теңге өтемақы бюджеттен бөлінгені айтылды. Бастапқы есептеу бойынша әр үй жануарына 160 мың теңгеден өтемақы беріледі. Алайда өтемақы өтемақы сомасының өскені туралы құжат әзрлеу керек. Қазіргі таңда 835 бас мал қырылды, ал ақша 750 ірі қараға бөлінді. Бұл мәселені сіздер (ветеринария басқармасы) министрлікпен бірге шешулеріңіз керек, өтемақы қаржысын дұрыс бөлу және барлық малы өлген тұрғындарға төлеу үшін оны ұлғайтуға қол жеткізу қажет», - деп әкім облыстың ветеринария басқармасына тапсырма берді.


Кеңесте ветеринария басқармасының басшысы Нұрбай Әбдірахманов суық түсуі және ауруды тарататын қан сорғыш жәндіктердің азаюынан індеттің беті қайтқанын жария етті.

«Сонымен қатар біз «Флектрон» фирмасының үй жануарларына шыбын және қансорғыш масаны жолатпайтын сырғаларын сатып алдық. Қазір 6 000 сырға алынды, алайда бұған ақша қарастырылмаған, сондықтан мал иелері мен шаруа қожалықтары өз малдары үшін оны сатып алуы керек. Бір жұп тағылатын сырға құны 750 теңге», - деді Н. Әбдірахманов.

Үш карантин аймағындағы малдың саны 79 мың бас. Оның ішінде нодулярлы дерматитке 6 335 бас мал шалдыққан. 3 423 үй жануары меделіп жазылса, 2 077-ісіне әлі дәрі берілуде. 835 ірі қара індеттен қырылды.