Атырау облысының Қашаған кен орнында 700 вахташы дауыс берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қашаған кен орнында мұнай компанияларының 700 қызметкері дауыс берді.

«Бүгін таңертең кен орнына тікұшақпен екі сайлау комиссиясының мүшесі жіберілді. Олар мұнайды жағаға жолдау үшін дайындау құрылғысы орналасқан «Д» жасанды аралына қонды.
Әзірге аралда болған мұнайшылар мен қызмет көрсету компанияларының қызметкерлері дауыс берді. Тікұшақ жақын орналасқан бірнеше ұсақ жасанды аралдарға да ұшып барды. Ол жерлерде біршама қазақстандық азаматтар дауыс беруге қатыса алды. Қашаған кен орнында сайлау кезінде теңізде болған барлығы 700 қазақстандық азаматтық борышын өтей алды», - деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Қыстаубаева.