Атырау облысының кәсіпкерлері 251 млн теңге шағын кредит алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында атыраулықтар 251,3 миллион теңге кредит алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Елбасының әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастамасының төртіншісі - шағын кредитті өрістету.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыз тұрғындар  арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілген шаралардың ең тиімдісі - жеңілдетілген шағын несиелер беру.

 Атырау облысында осы бағдарлама бойынша қаржы үш банкке: «Нұрбанк» АО - 51,53 млн теңге,  «АТФ Банк» АО - 21,53 млн теңге, ДБ АО «Сбербанк» АО ЕБ - 180 млн теңге салынды.

Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері банктермен 251,3 млн теңге көлемінде 26 жоба мақұлданған»,-деп мәлім етті «Даму» облыстық кәсіпкерлікті даму қоры» филиалының директоры Айман Сәрсенғалиева.