Атырау облысының Қызылқоға ауданында қатты желден мектеп пен мұражай шатыры зақымданды

АСТАНА. Тамыздың  6-сы.  ҚазАқпарат -  Атырау  облысының Қызылқоға  ауданында  қатты   желден   мектеп пен мұражай  шатыры  зақымданды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі күні кешке  болған   қатты  дауылдың салдарынан   орта мектеп   (462 шаршы метр)  пен   аудандық  мұражай (117 шаршы метр) ғимараттарының шатыры   зақымданды.   Қазір   онда  қалпына келтіру  жұмыстары  жүргізілуде.