Атырау облысының меминспекторлары қызметкерлерге құқықтарын түсіндірді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысында «Реформ строй» ЖШС-нің 176 қызметкері келісімшарт мерзімі аяқталғасын жұмыссыз қалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысымемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров хабардарқылғандай, бұл жерде еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ.​ ​ ​
«Реформ строй» ЖШС-і келісімшарт бойынша «ССЕР»компаниясы үшін монтаждаужұмыстарын атқарған болатын. Келісімшарт 2018 жылдың наурыз айынан бастапжасалған. Жұмыстардың белгілі бір түрлері аяқталған соң, жасалған еңбек келісімшарттарытоқтатылады. Компанияның қызметкерлері бізге келіп, оларғатүсінік берілді«, - деді Игілік Әубәкіров.​ ​ ​ ​

ҚР Еңбек кодексінің 30 және 51 баптарына сәйкес,жұмыстардың аяқталу датасы еңбек келісімшартының біту мерзімі болып табылады.Ал, келісімшарттың өзі белгілі бір жұмыстардың орындалу мерзімінежасалады. «Реформ строй» ЖШС осылай жасаған. Барлық жұмыстар сәуірайының басында аяқталғанына қарамастан, қызметкерлер маусым айында жалақыларыналды. Бұдан бөлек, шілдеде жұмыстар жүргізілмегеніне қарамастан, қызметкерлергеосы айға жалақы 100пайыз төленеді,сондай-ақ 2019 жылдың тамыз айының 4 күні үшін жалақы беріледі.
«Айта кетейін, бұл жерде ешқандай еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ.Бұл нарықтық қатынастар. Ешкім ешкімді қысқартып немесе жұмыстан шығарған жоқ.Жұмыс орындалған соң еңбек келісімшартының қолданысыаяқталады» ​ ​ - деп атап өтті Игілік Әубәкіров.

Соңғы жаңалықтар