Аудан орталығы Құлсары қаласында 280 орынға арналған бір балабақшаның құрылысы басталып кетті.
«Жақын уақытта ауданда екі жаңа мектепке дейінгі мекеме салу жоспарланып отыр. 200 орынға арналған тағы бір балабақша Құлсарыда салынады. Жаңа Қаратон ауылында 280 орынға арналған балалардың мектепалды мекемесін салу жоспарлануда. Екі балабақша да демеушілер қаражатына салынатын болады», - деп хабарлады аудан активінің отырысында Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев.