Атырау облысының негізгі капиталына 4 айда 560 млрд. теңгеден астам қаржы инвестицияланды
09:58, 01 Маусым 2016
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының негізгі капиталына 4 айда 560 млрд. теңгеден астам қаржы инвестицияланды, бұл Қазақстанның барлық инвестицияларының 33,3 пайызын құрады.
«Соның ішінде сыртқы инвестициялар 360 млрд. теңгеге жеткен, бұл республика бойынша шетелдік инвестициялардың жалпы салыстырмалы салмағының тура 50,7 пайызын құрады. Бұл кезеңде шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына түскен инвестициялардың көлемі 2,5 есе өсіп, 112,7 млрд. теңгені құраған. Негізгі инвестициялық драйверлер - өндірісті болашақта кеңейту жобасында құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған «ТШО» ЖШС, Қашағанда қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып отырған «НКОК Н.В.» компаниясы, сондай-ақ мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысын жалғастырып жатқан «АМӨЗ» ЖШС болды», - деп ақпараттандырды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.