Атырау облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда өңірдің өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Мәселен, биылғы қаңтарда өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар 661,5 миллиардқа жуық теңгенің өнімін өндірді. Мұның ішінде тау-кен өндірісінде өндірілген өнімнің құны 601,9 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, 51,5 миллиард теңгенің өнімі өңдеу саласына тиесілі болып отыр.
Мұнайлы өңір өнеркәсібінде тіркелген 737 кәсіпорында 28 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.